Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес аталған қызметке Руслан Қайрақбаев келді.

Ол 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі», Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасында өрт бөлімінің аға инженері болып бастаған. 2005-2019 жылдар аралығында Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел кезекші, бас маман, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды.


Соңғы жаңалықтар