Қызылорда облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен облыс әкімінің келісімі негізінде аталған қызметке Зеріпбаев Мирас Максетұлы келді.

Мирас Зеріпбаев Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеттерін бітірген.

Еңбек жолын «Авислогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экспедиторы ретінде бастаған.

Әр жылдарда жеке секторда жауапты қызметтер атқарды.

2017-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасының сарапшысы болған, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары болған.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары інісінің қызметіне бола жұмыстан кетті,



Соңғы жаңалықтар