Қызылорда облысының Сырдария ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, аудандық мәслихат келісімі бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев келді.

Т. Дүйсебаев 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «бухгалтер-экономист», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы болды.

Ал 2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2011-2017 жылдары - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі болды.

2017 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Фото: kyzylorda-news.kz

Соңғы жаңалықтар