+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қызылорда облысының Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылғы 29 ақпан 02:40
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі және Шиелі аудандық маслихатының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ. Мүбараков 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, «экономист-менеджер» және «заңгер» біліктіліктері бар.

Қ. Мүбараков еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы қырманда қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 2001-2009 жылдары – Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.

2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған. 2011-2018 жылдары – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2019жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT