Қызылорда облысының ономастика саласындағы жұмыстары үздіктер қатарында бағаланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Республикалық семинарда Қызылорда облысының ономастика саласындағы жұмыстары үздіктер қатарында бағаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтің төрағалығымен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті.

Семинар барысында ономастика саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Семинарда ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар назарға алынды. Сондай-ақ, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауы бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық семинар барысында саланы дамыту және өңірлердегі нәтижелі жұмыстар мен озық тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқамалар беріліп, үздіктер марапатталды.

Қызылорда облысының ономастика саласындағы жұмыстары үздіктер қатарынан табылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбековаға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хаты табысталды.

Еске салсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының тәжірибесі өңірлерге таныстырылды.



Соңғы жаңалықтар