Қызылорда облысының әкімі «жедел жәрдемге» реанимобильдер табыс етті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Жедел жәрдем» стансасы қызметкерлеріне реанимобильдер тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«2014 жылғы 5 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі облыс орталығы мен аудандарындағы «Жедел жәрдем» стансасының қызметкерлеріне 26 арнайы санитарлық автомобилінің кілттерін табыс етті», - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы жиналғандарды жаңа жылмен құттықтай келіп, денсаулық сақтау саласында автоматтандырылған диспетчерлік-ақпарат қызметін енгізу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сияқты қол жеткен бірқатар жетістіктерді атап өтті.

Қ.Көшербаев осыдан кейін 26 реанимобильдің кілттерін тиісті қызметкерлерге тапсырды. Ал медицина ардагерлері атынан облыстың құрметті азаматы Ернияз Омаров облыс әкіміне салаға жасап келе жатқан қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар