+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қызылорда облысының әкімі солтүстік аудандарда болды

2020 жылғы 7 қаңтар 22:18
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының әкімі солтүстік аудандарда болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарын cолтүстік аудандарды аралаудан бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылағаш су қоймасы биыл іске қосылады Түркістанда 154 шаруа қожалығы бір жерден екі рет өнім алмақ Петропавлда заманауи зертхана негізінде жоғары оқу орнының бөлімшесі ашылды

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданының Жанқожа батыр, Бекарыстан би және Арал ауданына қарасты 12 елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылының тұрғындары аймақ басшысына ауыз су мәселесі мен спорт кешенін салу туралы өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі ауыз су мәселесі биыл өз шешімін табатынын және спорт кешенін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу жолы қарастырылатынын айтты.

Одан кейін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданының ең шалғай орналасқан Қаратерең, Қарашалаң, Бөген сияқты ауылдарында болды. Жүздесу барысында жергілікті тұрғындар жол, ұялы байланыс желісін орнату, ғимараты ескірген балабақшалар, ауылдық клуб үйлерін жаңарту және кейбір елді мекендерде тоғандағы су проблемасын шешу сияқты мәселесін көтерді.

Сондай-ақ, жүздесу барысында Арал ауданы Аманөткел ауылы тұсында орналасқан қалқымалы көпірді жаңарту мен Қарашалаң елді мекенінің жол мәселесі көтерілді. Облыс әкімі қалқымалы көпірге қатысты қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты. Ал Қарашалаңдағы жолды жөндеуге қажет қаражат қаралған. Жөндеу жұмыстары биыл жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT