Қызылорда облысының әкімі Шиелі және Сырдария аудандарында болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі және Сырдария аудандарында болып,

бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шиелі кентінде осы күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен 600 орындық № 270 орта мектеп ашылды. Мектеп құрылысын жүргізген мердігер компания - «Бақ-Жай» ЖШС құрылысты 2013 жылы қаңтар айында бастаған болатын. Екі қабатты ғимарат 4 блоктан тұрады және барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Мердігер мекеме білім ошағының ашылуына орай мектеп ұжымына «Газель» автокөлігін сыйға тартты.

Сондай-ақ осы күні Шиеліде емхана ашылды. Оның құрылысы 2012 жылы қараша айында басталған. Барлық емдеу бөлмелері толық медициналық құрал жабдықтарымен жабдықталған. Бұл нысанға да мердігер мекеме - «Дәнекер» ЖШС автокөлік сыйлады.

Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарының 2 кезеңі іске қосылды. Жұмыстың жалпы сметалық құны 1 180,7 млн. теңге. 2013 жылға республикалық бюджеттен 192,342 млн. теңге бөлініп, 11 айдың қорытындысында 152,756 млн. теңге игерілді. Енді үй-үйге құбыр арқылы ауыз су жетіп тұр.

Өңір басшысы, сондай-ақ шаруа қожалық басшыларымен және инвесторлармен кездесіп, алдағы егін егу жәйін сөз етті. Айта кетейік, Қызылорда облысы биыл астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар, 2014 жылы Сырдария ауданында 16 жоба жүзеге асады. Олардың ішінде МТС құрылысы, мұнай қалдықтарын өндеу, құрама жем, цемент және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар, бордақылау алаңы бар.

Соңғы жаңалықтар