Қызылорда облысының әкімі энергетиктерді марапаттады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс энергетиктерін келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жиынға Қазақстанның электр энергиясы қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов қатысты. Аймақ басшысы энергетиктерді төл мерекелерімен құттықтай келіп, сала қызметкерлерінің облыстың дамуына қосып отырған үлесінің зор екенін атап өтті. Бұдан кейін ол бір топ қызметкерге «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағы мен алғыс хаттар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар