+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қызылорда облысының әкімі бір күнде 13 ауылдың тұрғындарымен кездесті

2020 жылғы 16 қаңтар 04:27
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының әкімі бір күнде 13 ауылдың тұрғындарымен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Сырдария ауданында бір күнде 13 елді мекеннің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік жастар «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды Алматылықтарға жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ - мамандар Түркістан облысында 110 балаға қамқорлық жасады

Айдарлы ауылы - Сырдария ауданындағы шалғай жатқан елді мекеннің бірі. Ауылда бірқатар проблема бар. Емхана ескірген. Балабақша баратын сәбилер саны көбеюіне байланысты қосымша екі топ ашу қажеттілігі туындап отыр. Тұрғындармен жүздесу барысында облыс басшысы емхананы жаңартуға назар аударылатынын жеткізді.

Одан кейін облыс әкімі ауданға қарасты Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында болды. Бесарық ауылдық округіндегі «Абай Дәулет» ЖШС жұмысымен танысты. Тұрғындармен кездесу барысында аймақ башысы ауылда кәсібін жүргізіп, елді еңбекпен қамтып, ауылды көркейтуге атсалысып отырған шаруашылық иелеріне ризашылығын білдірді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықовтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген 215 млн теңгеге Бесарық ауылына кіреберіс жолды жөндеу биылғы қыркүйек-қазан айларында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттен әуежайдан бастап Қоғалыкөл мен Шіркейлі ауылдарына дейінгі жолды жөндеуге 380 млн теңге бөлінген.

Аймақ басшысы Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінің де тұрғындармен кездесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT