+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Қызылорда облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңартылған жобасы жасалды

2021 жылғы 8 қыркүйек 22:38
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңартылған жобасы жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңартылған жобасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді.

Биылғы жылдың басынан бері «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша жалпы несие сомасы 15,6 млрд. теңгеге 1130 жоба субсидияланды.

Несие сомасы 4,8 млрд теңгеге бағаланған 788 жоба бойынша кепілдік берілді.

«Айта кетерлігі, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беру үшін республикалық бюджеттен 3,76 млрд теңге қаралған еді. Оның ішінде бүгінде 1,9 млрд теңге сомасындағы 450 жоба несиелендірілді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында шағын несиелеуге 1 млрд. теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде облыста құны 9,7 млрд теңгені құрайтын 120 жобаға өтінім мақұлданды. Биыл құны 1,7 млрд теңге тұратын 14 жоба мақұлданып, оның 9 жобасы бүгінде қаржы институттарымен қарастырылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде Жалпы Өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін ағымдағы жылы 18,5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда», - деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

Осыған орай, 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірледі.

Жаңартылған даму жоспары 3 бағыт бойынша яғни азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы, мықты экономика және 6 басымдықтан тұрады.

Еске салсақ, Қызылордада геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT