Қызылорда облысындағы жол апатынан 5 адам көз жұмды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан​ жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.


Фото: polisia.kz




Соңғы жаңалықтар