Қызылорда облысындағы автобус апаты: 29 жолаушы ауруханада, 45 адам үйіне жіберілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында соқтығысқан екі автобустың 29 жолаушысы ауруханада жатыр. Тағы 45-і үйіне жіберілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен өткен брифинге мәлім етілді.

«Қазалы-Қызылорда»  мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Медициналық көмек 74 жолаушыға көрсетілді, оның 29-ы ауруханаларға жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Апат орнында 2 адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Олжас Ысқақов.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері, 13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы,  130 медицина қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Жалағаш және Жосалы аудандарында екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Еске сала кетсек, 16 қарашада Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 14 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз. Екі адам қаза тапты.  Кейін ауруханада зардап шеккен баланың бірі көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар