Қызылорда облысындағы ауылда попкорндар шығарылады

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданына қарасты Бірлік ауылында «Томпи» попкорндары өңделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы азық-түлік дүкенін ашып, табыс таба бастаған кәсіпкер Гүлсая Бөкейбайқызы жақында жеке қаражаты есебінен попкорн дайындайтын арнайы қажетті құрал-жабдықтарды алған.

«100 пайыз табиғи шикізаттан жасалған, денсаулыққа пайдалы балаларға арналған тәтті попкорндарды өз ауылымда - Бірлікте өндіремін. Өнім үш түрде шығарылатын болады: «Карамель», «Шоколод», «Микс». Қазіргі таңда «Карамель» түрін ғана шығарып жатырмын. Попкорнға «Томпи» деп қазақша атау бердік. Себебі, попкорнымыз да балалар секілді томпиған, әдемі», - дейді кәсіпкер.

Гүлсая өнімдерін аудан көлеміндегі азық-түлік дүкендеріне өткізуде. Сұраныс жоғары. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдауға ие болып, несие алуды жоспарлап отыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар