Валюта бағамдары:
    usd/kzt 458.69 eur/kzt 501.3

    rub/kzt 6.52 cny/kzt 68.04
Ауа райы:
Астана
  Jańalyqtar  >

Қызылорда облысындағы 22-разъезд ауылына қазақша атау беріледі

2022 жылғы 4 желтоқсан, 13:17

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты 22 разъезд ауылына қазақша атау берілмек. «Ашық» НҚА порталында жарияланған облыс әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың шешім құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың пікірін ескере отырып, облыстық әкімдік қаулысы мен маслихат шешіміне сәйкес, Шиелі ауданының Бәйтерек ауылдық округіндегі 22 разъезд ауылы Ынтымақ ауылы болып аталсын», - деп көрсетілген әкімдік пен маслихаттың бірлескен шешімінде.

Қоса кетейік, бұған дейін Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округке қазақша атау берілген еді. Атап айтқанда, Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы – Елтоқ және Волгодонов ауылдық округі - Елтоқ ауылдық округі деп өзгерді.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары