Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті

2022 жылғы 28 мамыр 01:49

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті. Олардың 4-уі кәмелетті жасқа толмаған бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста суға шомылуға рұқсат етілген 2 жеке жағажай жұмыс істейді. Оның бірі – қаладағы «Сыр самалы» демалыс орны, екіншісі - Белкөл кентінде орналасқан «Абай» демалыс орны. Қазіргі таңда 4 коммуналдық жағажайдың қаулысы әзірленіп жатыр.

Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 8 адам суға кеткен. Оның ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда суға кету оқиғалары 33 пайызға төмендеген.

«Жалпы су айдындарында суға шомылуға қауіпті деп танылған 64 учаске белгіленген. Мұнда 270 ескерту тақтайшасы орнатылған. Облыс тұрғындарынан суға шомылу маусымы кезінде барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды.

Сондай-ақ, одан бұрын Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды.


Автор:

Әділжан Үмбет

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар