Қызылорда облысында жыл басынан бері 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәтижесінде көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Өңір экономикасына 104,7 млрд теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 25,7 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. 297,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, олардың қатарында табақша шыны шығару және өңдеу зауыты, қуаттылығы жылына 1 500 тонна құс етін өндіру, ас тұзын өндіру, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі бар. Жоба аясында 506 жұмыс орнын құру көзделген.

«Облыста инвестициялар көлемінің өсуі байқалады. Бүгінде инвестициялардың жаңа толқынын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнан өзге, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 542,9 млрд теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде 7,4 мың адамды жұмыспен қамтылады» , - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Берденова.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 41 жоба жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар