Қызылорда облысында жыл басынан 2,9 мың адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 2 934 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың арасында Қызылорда қаласының 1637 тұрғыны бар. Ал аудандар бойынша аталған кезеңде Жаңақорғанда – 318, Сырдарияда – 216, Қазалыда – 204, Шиеліде – 182, Қармақшыда – 142, Аралда – 115, Жалағашта – 100 науқас тіркелді.

2020 жылдан бері өңірде коронавирус инфекциясымен барлығы 6 326 науқас есепке алынды. Олардың басым бөлігі облыс орталығында тұрса, қалғандары аудандар үлесінде.

Еске салсақ, бүгінде Қызылорда облысында 77 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін екпе ала алады.


Соңғы жаңалықтар