Қызылорда облысында жетім балаларға арналған отбасылық ауыл салынады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жетім балаларға арналған отбасылық ауыл салынбақшы. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«2014 жылы Қызылорда облысында жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасылық түрдегі ауылдың құрылысы жоспарланып отыр», - деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Балалар ауылы 10-12 отбасылық үйден құралатын болады. Әр үйде 18 жасқа дейінгі 7-10 балаға дейін ұлы мен қызы аралас тұратын отбасы өмір сүреді.

Қазіргі таңда облыста 1 мыңнан астам жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Солардың 858-і отбасыларда тәрбие алуда. Ал интернаттық ұйымдарда 200 бала тәрбиеленіп жатыр.

Айта кететін бір жайт, облыста қанат жайған «Қонақ отбасы» әлеуметтік жобасын іске асырғанның арқасында балалар үйінен бала асырап алушы отбасылардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді.

Соңғы жаңалықтар