Қызылорда облысында жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданы аумағындағы тас жолда жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы аумағындағы бөлігінде болды.

«Өрт сөндіру қызметінен оқиға орнына 5 қызметкер 1 бірлік автокөлік барды. Өрт сөндірушілер күшімен қызыл жалын толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді департаменттен.

Еске сала кетелік, бүгін Қызылордада полицейлер өртенген пәтер ішінде ес-түссіз жатқан әйелді құтқарды.

Өрт сағат түнгі 02.55-те облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағынауданы №2 үйдің екінші қабатында болған. Полицейлер қызыл жалынға оранған пәтер ішінен ес-түссіз жатқан 54 жастағы азаматшаны дереу алып шықты.


Соңғы жаңалықтар