+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қызылорда облысында жеңіл көлік аударылып, 1 адам қайтыс болды

2020 жылғы 6 қаңтар 17:26
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында жеңіл көлік аударылып, 1 адам қайтыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағындағы «Самара - Шымкент» тасжолының бойында жеңіл көлік аударылып, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда пәтерлердің бірінен ер адамның мүрдесі табылды АҚШ-тың Айдахо штатында 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды Ақмола облысында мұз опырылып, балықшылардың көліктері суға түсіп кетті

Оқыс оқиға Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тұсында болған. Жеңіл көлік Шымкент қаласына бағыт алып бара жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

Қызылорда облысының Полиция департаменті өз кезегінде жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.

Бұдан бұрын Қызылордада жолаушылар автобусы аялдамада адам қағып кетті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT