Қызылорда облысында жазасын өтеп жатқан 27 адам мектепке барды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында Қызылорда облысындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 27 адам білім алу үшін кешкі мектепке қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 (ЗК-169/4) мекемесінде жазасын өтеп жүрген орта білімі жоқ 14 сотталған, сондай-ақ №60 (ЗК-169/5) мекемесіндегі 13 сотталған бекітілген сабақ кестесіне сәйкес арнайы кабинетте білім алады. Сотталғандар аяқталмай қалған орта білімін жалғастырады. Бірі 8-сыныпқа қабылданса, қалғаны 9, 10, 11-сыныпта оқиды. Оларға Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі мен Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектебінің мұғалімдері сабақ береді.

Айта кетсек, ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта, бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы айтылған. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталғандар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген.





Соңғы жаңалықтар