+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қызылорда облысында Жапония үкіметінің бағдарламасы жүзеге асырылуда

2021 жылғы 26 қазан 22:09
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында Жапония үкіметінің бағдарламасы жүзеге асырылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Жапония Үкіметінің халықаралық бағдарламасы әлеуметтік саланы дамытуға қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті Қызылордада Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық конференция өткізілді Жапонияда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті. Кездесу екі ел арасындағы, оның ішінде Сыр өңірінің дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқыланды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, тиісті басқарма басшылары және жапониялық делегация мүшелері атташе Томоя Ёкоэ мен «Шөп тамыры» халықаралық бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумото қатысты.

Облыс әкімі аймақтағы білім беру және экология саласындағы бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, Джун Ямадаға Алғыс хат табыстады.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Жапония ұзақ жылдар бойы ашық және сенімді өзара қарым-қатынас орната білген стратегиялық әріптестер ретінде бағаланады. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер, сауда-экономикалық қатынастар мен бірлескен мәдени ынтымақтастық - елдер арасындағы тиімді өзара қарым-қатынастың жарқын айғағы. Қазақстан - Жапонияның Орталық Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі және екіжақты қатынастар жылдар өткен сайын тек кеңеюде. Достық қарым-қатынастың бір мысалы ретінде Жапония үкіметі біздің еліміздің аумағында жүзеге асырып жатқан «Шөп тамыры» бағдарламасын атап өтуге болады. Әлеуметтік саланы дамыту - өңірлік саясаттың, оның ішінде білім беру саласын жақсартудың аса маңызды басым бағытының бірі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге Қызылорда облысында білім беру және экология саласындағы бастамалар мен жобаларды іске асыруға көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

«Шөп тамыры» бағдарламасы - Жапония Үкіметі дамуға ресми көмек шеңберінде іске асыратын жобаның бірі. Ол үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жергілікті органдар бастамашылық еткен жобаларға жәрдем көрсетеді. Бағдарлама шеңберінде денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және т. б. салалардағы жобалар іске асырылуда. Гранттық көмек жабдықты сатып алуға, сондай-ақ мекемелерді жабдықтауға қаражат беруге бағытталған.

Кездесуде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Жапония делегаттары Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды. Одан кейін Арал ауданына барады.

Еске салсақ, Қызылордада тағы бір ауыл табиғи газ құбырына қосылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT