USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қызылорда облысында жалған ақша жасаушылардың ісі сотқа жолданды

2020 жылғы 9 қазан 11:37
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында жалған ақша жасаушылардың ісі сотқа жолданды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бас Прокуратура: Құқық қорғау өкілдерінің әрекетіне байланысты 32 арыз түсті Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды Алматыда 17 жастағы жігіт ломбардтан ұялы телефондар ұрлады деген күдікке ілінді

Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған азамат 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттарды саудалап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

ҚР ҚК 231-бабының 2 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Оның ішінде 6 жағдай «Халық Банк» АҚ-ы Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағармай құю бекеттерінде анықталған»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT