Қызылорда облысында вакцинация пунктері аптасына 7 күн жұмыс істейді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Қатерлі індетке қарсы екпе салу аймақ бойынша барлық емхана мен егу орындарында аптасына 7 күн бойы үзіліссіз жүзеге асырылады. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.

«2021 жылдың 29 сәуірінде облыс бойынша барлығы 5024 тұрғынға коронавирусқа қарсы екпе жасалды. Ал 1 ақпан-29 сәуір аралығында қала бойынша 19113 , аудандар бойынша 13655 адам вакцина салдырды. Олардың жалпы саны 32768 адамды құрайды. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайларына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасынан.

Еске салсақ, 1 ақпаннан бері Қызылорда облысында 28 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар