Қызылорда облысында үш бірдей басқарма басшысы ауысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үш басқармаға жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін Мұрат Тлеумбетов атқарады.

М. Тлеуімбетов 1963 жылы дүниеге келген.1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1988-2013 жылдары Қызылорда қаласында бірқатар мекемелерде маман және басшы қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірқатар басқармаларда басшысы болды. 2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ал Қуаныш Жанұзақов Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қ. Жанұзақов 1982 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс тіркеушісі ретінде бастаған. 2007-2018 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында, Қызылорда облысы әкімі аппаратында еңбек етіп және Арал ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Қазірге дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болды.

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы қызметіне Ақзира Қасымова келді.

А. Қасымова 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін физика, қосымша математика пәндерінің мұғалімі, 2018 жылы Қаржы академиясын Экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы №15 Қызылорда қалалық гимназияның физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2015-2019 жылдары - Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы басшы қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар