+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қызылорда облысында түрмеде терроризмді насихаттаған адам ұсталды

2020 жылғы 20 қараша 14:58
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында түрмеде терроризмді насихаттаған адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында діни алауыздықты тудыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ Өскеменнен Қызылордаға келіп, қаңғыбас болып кеткен әйел аман-есен табылды

Түркістан облысының тұрғыны Қызылорда облысында түзеу мекемесінде жазасын өтіп жатқан. Бұл мақсатта облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлескен іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы тұрғынның діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратумен айналысып жүргені анықталды.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT