+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Қызылорда облысында тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

2020 жылғы 25 наурыз 09:16
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда төтенше жағдай режимін бұзған тойхана иесі әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тойханада қыз ұзату тойын жасаған Қазалы тұрғыны жазаланды Мақтааралда келін түсіріп, беташар тойын жасаған тұрғын айыппұл төлейтін болды

Бұл оқиға Қазалы ауданында орын алған. Аудандық соттың қаулысымен төтенше жағдай режимін бұзған бір кәсіпкер 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған. Ал осындай талапқа салғырт қараған бір кәсіпкерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде бірінші кезекте қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды. Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне сағат 22.00-ден кейін шектеу қойылды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды. Соған қарамастан облыс бойынша төтенше жағдай кезінде режимді бұзып, сағат 22.00-ден кейін жұмыс жасағаны үшін 20 кафе-тойхана және үйінде той өткізгені үшін 2 үй иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының прокуратурасы.

Бұдан бұрын Қызылордада ауласында той жасаған тұрғын жазаланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT