Қызылорда облысында төтенше жағдайдан қаза тапқандар саны 37% азайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандардың саны 37%-ға азайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Қызылорда облысының халқымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар кезінде адам өлімінің азайғаны Министрліктің басты көрсеткіші болып табылады. Мәселен, биылғы 10 айда облыс бойынша қаза тапқандар саны 37% - ға азайды. Бұл ретте төрт жүзден астам төтенше жағдай тіркелді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі техногендік сипатта болады, бұл тұрғын үй секторындағы және көліктегі өрттер, ал суық түсуіне байланысты бұл көрсеткіш артады. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап елімізде жылыту кезеңі басталды.


Соңғы жаңалықтар