Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін бұзған 44 адамға айыппұл салынды
Өңірде төтенше жағдай режимін бұзудың 244 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сот шешімімен 21 адамға ескерту берілсе, 44-не айыппұл салынды. Қазір 159-і әкімшілік қамауға алынды, 20 әкімшілік іс сотта қаралуда.
«Ал «Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнамасын бұзудың 127 дерегі анықталып, 13 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 92-не әкімшілік қамауға алу түріндегі тәртіптік шаралар тағайындалды, 11 әкімшілік іс сотта қаралуда. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 адамның үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Байқоңырда арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды.