Қызылорда облысында титан өндіретін комбинат салынбақ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысының Арал ауданында титан өндіретін комбинат салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір үшін ерекше жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген. Бүгінде өндірістік нысанның техника экономикалық негіздемесі жасалып қойылды. Жоба құны 3,4 миллиард теңгені құрайды. Қазақстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыратын комбинат құрылысын келесі жылы бастау жоспарлануда. Өндіріске қажет шикізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алынады. Титанның негізгі бөлігі ғарыш саласында және химиялық, биомедициналық, зергерлік өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Бұл туралы Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев журналистермен кездесу барысында айтты.

«Өндіріске қажетті шикізатты жергілікті жерден алу қарастырылуда. Арал өңірінде ашылмаған әлі де элементтер көп. Жалпы айтқанда, Менделеевтің барлық элементтері осы Арал өңірінен табылады деп ойлаймыз, - дейді аудан басшысы.

Қазір жер қыртыстарына зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар