Қызылорда облысында тампонажды цемент зауыты іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 1 млн тонна болатын цемент зауыт іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тікелей байланыс арқылы «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС бас директоры Ли Цзиньцин Елбасына тампонажды цемент шығаратын зауыт құрылысының аяқталғанын баяндады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы телекөпір аясында кәсіпорын құрылысы басталған болатын.

«Біздің кәсіпорын Қазақстанда қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуалдың жемісі. Бүкіл әлем инвестициялар мен технологияларды  тарту жолындағы Сіздің еңбегіңізді жақсы біледі. Біздің жоба Қазақстан-Қытай серіктестігінің нәтижесі»- деді Ли Цзиньцин мырза.

Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысына табыс тіледі.

Естеріңізге салайық, зауыт жылына 1 млн тонна цемент өндіреді. Нысанда 260 жаңа жұмыс орны ашылды. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мақсатында Қытай еліндегі зауытта 48 адам арнайы оқудан өтті. Сондай-ақ, қытайлық инвесторлар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маман даярлауда.

Зауыт өнімі - тампонажды цемент құрылыс, мұнай-газ және уран өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Соңғы жаңалықтар