+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді

2019 жылғы 16 мамыр 13:53
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді. Шиелі ауданында тұратын Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның шаңырағында Айбибі, Айша және Ақнұр есімді үш қыз жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас ана үшемді Қызылорда облыстық периниталды орталықта өмірге алып келді. Жолдасы екеуі бұған дейін Айару есімді тұңғышын тәрбиелеп отыр. Ол биыл үш жасқа келді. Енді осылайша Мақатаевтар отбасында төрт қыз бала шаңырақ шырайын кіргізе түседі.

Бұған дейін сәуір айында Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келген еді. Жаңақорған ауданында тұратын Өмірбек Үсенов пен Кәмила Шайжанова да осындай қуанышқа кенелді.

Соңғы жылдарда Сыр өңірінде үшемдер саны көбейіп отыр. Былтыр облыста 3 үшем, 132 егіз туған. Биыл жыл басынан бері 46 егіз жарық дүниеге есігін ашты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT