Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді
Үш нәрестеге Радмила, Анастасия және Алина есімдері қойылды. Олар дүниеге келгенде салмағы 1,7-1,8 келі болды. Шараналар облыстық «Ана мен бала» орталығында жарық дүние есігін ашты.
«Менің аман-есен босанып, нәрестелерімнің денсаулығының қалыпты болуына орталық қызметкерлері барынша қамқорлық көрсетті. Олардың осындай қамқорлығына алғысым зор. Орталық басшысы Гүлнәр Жұмашеваға да ризалығымды білдіремін», - деді Юля Панащук.
Бұл отбасында бұдан бұрын үш ұл тәрбиеленіп келеді.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 7 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Олардың арасында 180-і егіз бала.
Биыл Қызылорда облысында екінші үшем жарық дүние есігін ашып отыр. Естеріңізге сала кетелік, Өксікбаевтар әулетінде Айлина, Жасмина, Мәдина есімді үш қыз өмірге келді.
Сондай-ақ Түркістан облысы құрылғалы алғашқы үшем дүниеге келді.