Қызылорда облысында су тарифі төмендейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында судың тарифі төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялардың реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

Тарифтің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, табиғи монополия субъектісі, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған қаражатты (амортизациялық аударымдар мен пайданы) есепке алмастан, уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынады («Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 3-тармағы).

Заңның аталған нормасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысында қызмет көрсететін «Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС-і үшін суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне қолданыстағы тарифті 8,2 пайызға немесе қосымша құн салығынсызз 1 текше метрге 282,44 теңгеден 259,35 теңгеге дейін төмендетіп тариф және тарифтік смета бекітті.

Тариф 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар