+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қызылорда облысында су тапшылығын болдырмау үшін күріш алқабын қысқарту керек -  облыс әкімі

2020 жылғы 26 қазан 09:15
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында су тапшылығын болдырмау үшін күріш алқабын қысқарту керек -  облыс әкімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында күріш алқабының 80-85 мың гектарын сақтап қалып, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Apta» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жаңбырлатып суаратын техника шығарылады Қызылордада аграрлық салада экспортқа шыққан тауардың 98 пайызы - қайта өңделген өнімдер Арманға адалдық: Ұлттық компаниядағы қызметін тастап, ауылға кетіп, ірімшік жасауда

«Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасында былтыр 18 млрд. текше метр су болса, биыл 12 млрд. текше метр ғана су болды. Сол сияқты Өзбекстаннан келетін су біздің Шардарада су қоймасының мөлшері былтырғымен салыстырғанда 1,1 млрд. текше метрге аз болған. Жазғы уақытта егіс егілген соң қиындықтар болды, сол себепті егістікті суғаруды қол режимінде басқаруға тура келді. Экология және табиғатты қорғау министрлігіне көп рахмет айтамыз. Күнде таңертең жұмысты солармен бастап, суды реттеп отыруға тура келді. Біздің кәсіпкерлер мен егіншілерімізге де рахмет айтқым келеді. Оларға суды кезек-кезек беріп отырдық. Мысалы, күнде секундына ең кемінде 550 текше метр су келуі керек болса, ол 450 текше метрге дейін түсіп кеткен кездері болды», - дейді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, биыл өңірде егіс жақсы шыққан. Атап айтқанда, биыл 551 мың тонна күріш жиналды. Бұл былтырмен салыстырғанда 15 мың тоннаға көп.

«Егісте де әртараптандыру мәселесі бар. Мысалы, күріштің 1 гектарына 33 мың текше метр су қажет, ал тура осындай көлемдегі суды 10 мың гектарға егілген қызанаққа да жұмсауға болады. Күріштің 1 гектарынан 650 мың теңге кіріс болса, қызанақтың 1 гектарынан 25 миллион теңгеге дейін кіріс алуға болады. Бұл көрсеткішті жоңышқамен де, басқа да дақылдармен салыстыруға болады. Сондықтан біз кәсіпкерлер, егіншілермен бірге ойланып, күріш алқабының 80-85 мың гектарын сақтап, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керек деп түйдік», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT