+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылорда облысында шалғайдағы елді мекендерге автобус қатынасы жолға қойылды

2020 жылғы 4 тамыз 15:49
Бөлісіңіз:
Қызылорда  облысында шалғайдағы елді мекендерге автобус қатынасы жолға қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жолаушылар және жүк тасымалдау парктері жаңа техникалармен толығып, сервистік қызмет көрсету деңгейі де едәуір артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жыл басынан бері 600-ден астам мас жүргізуші ұсталған Ақтөбеде жүк көлігі 5 жасар баланы қағып кетті «ҚазАвтоЖол» ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады

Бүгінде облыс аумағында 212 елді мекенге автобус қатынасы бар. Атап айтқанда, 204 автобус бағдары бойынша тұрғындар тасымалданады. Оның 71-і ауданаралық, 101-і кент ішілік болса, 32-і қалаішілік және қала маңына жүреді.

«Қазір облыстың көлік саласында көптеген өзгеріс пайда болды. Халыққа қызмет көрсету сапасы жақсарды. Жолаушылар және жүк тасымалдау парктері жаңа техникалармен толығып келеді. Айта кетерлігі, сервистік қызмет көрсету деңгейі де едәуір артты. Олардың көпшілігі мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асып жатыр», - деді Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов.

Оның айтуынша, жолаушылар тасымалдау мақсатында «Қызылорда-Ташкент» бағытында халықаралық бір автобус жұмыс істеп келеді. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе тәрізді қалаларға облысаралық 13 автобус ұйымдастырылған. Оған қоса облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен елді мекендерге әлеуметтік мәні бар маршруттар ұйымдастырылды. Оларға облыстық бюджет есебінен субсидия қаралған. Жолақысы да халыққа қолайлы.

Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге қыркүйек айынан бастап электрондық билет жүйесі енгізіледі. Яғни 89 автобусқа электронды билет жүйесінің терминалы мен валидаторы орнатылады.

Сондай-ақ, Қызылордада биыл кент және ауылдық округтерді дамытуға мән берілді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT