Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қызылорда облысында сәулет ескерткіштерінің 3D-картасы жасалды

2018 жылғы 7 желтоқсан 12:35 108
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында сәулет ескерткіштерінің 3D-картасы жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының сәулет ескерткіштерінің 3D-картасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Айканың» «Оскар» алуға мүмкіндігі бар - картина режиссері Алматыда Disney кейіпкерлері қатысқан алғашқы киноконцерт өтті

Қызылорда облысының сәулет ескерткіштерінің 3D-картасына қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі  150 ескерткіштің виртуалды үлгілері -  60 археология ескерткіші және 90 сәулет ескерткіші кіреді. Қызылорда облысының аумағында 30 республикалық және 256 жергілікті маңызға ие 286 ескерткіш бар.

«Бұл - Орталық Азия үшін тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған бірегей жоба. Ең озық жабдықтар мен технологиялардың көмегімен барлық нысандардың құжаттамасы дайындалған. Осылайша танымдық тарихи анықтама ғана емес, ескерткіштерді егжей-тегжейлі зерттеуге арналған аса дәлдікке негізделген құрал болмақ. Болашақта ескерткіштердің деректер базасы кеңейтіледі. Оқушылар мен студенттерді квест және басқа да ойын түрлері арқылы тарту үшін бағдарламалық өнімді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қазір түрік әріптестеріміз қызығушылық танытуда», - деді жоба авторы, Халықаралық Орталық Азия зерттеу институтының директоры Дмитрий Воякин.

Оның айтуынша, 3D-картаны дайындау кезінде ескерткіштердің дәлдігі жоғары үш өлшемді үлгілерін жасау үшін 70 миллионнан астам полигон әзірленді.

«Аймақтың мәдени ескерткіштерінің 3Д-картасы - «vvirtualmap.xyz» интерактивті веб - ресурсын құру үшін 33 000-нан астам сурет, ежелгі қалашықтардағы 4000-нан астам сурет, 40 000-нан астам аэрофотосуреттер және 13 сағаттан асатын пилотсыз ұшу аппараттарынан бейне түсірілімдер мен 450-ден аса және жерден 1000-нан астам панорамалық сурет жасалды», - деді Д.Воякин.

Карта арнайы сайтта ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта толықтыру жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қаңтар айында қолжетімді болады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Сыр өңірінде жыраулық өнер дәріптелетінін хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қызылордада Қобыз күні атап өтілуі мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ алдағы уақытта Қызылордада Рухани мұралар музейі ашылмақ. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT