Қызылорда облысында полиция майоры пара алу күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр», - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады

Соңғы жаңалықтар