Қызылорда облысында полицейлер үш тәулік бұрын жайлауда жоғалған ер адамды тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында полицейлер үш күн бұрын жоғалған азаматты тапты.
Сұлутөбе ауылдық округі Бірлестік ауылының тұрғыны 19 жастағы Болат және оның екі досы 7 желтоқсанда малды іздеу үшін мотоциклмен шыққан. Ауылдан 35-40 шақырым жерде мотоцикл сынып, олар сонда түнеуге мәжбүр болды. Келесі күні Болат үйіне оралған достарынан қалып қойды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірінші күні туыстары өздері іздеген. Екінші күні ғана тәртіп сақшылардың көмегіне жүгінген екен.
Сұлутөбе ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Дархан Мажиханов дереу іздеу шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде екі тәуліктен кейін Бірлестік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде полицейлер Болатты тауып, оны туыстарына апарды. Ол жолдан адасып қалғанын айтты.
- Президенттің батыл шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев
- Алматыда бағдаршамдарды қиратудан келген шығын – 72 млн теңгеге жуық
- Тағы бір бала оқтан көз жұмды - Аружан Саин барынша сақ болуды ескертті
- Теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсыруда
-
Алматыда ірі супермаркеттердің жұмысы қалпына келтірілді
-
Жамбыл облысында ұсталғандардан қару-жарақ арсеналы табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




