USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді

2021 жылғы 6 желтоқсан 23:43
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті Қазақстанда неше доза вакцина бар Той-жиынды, негізсіз бас қосу мен қыдыруды уақытша тоқтату керек – Ералы Тоғжанов

Қазірге дейін аталған екпенің 80 пайызы жасөспірімдерге егілсе, 20 пайызын жүкті әйелдер қабылдаған.

«Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу алдында медицина қызметкері екпе салдыратын адамды толық тексерістен өткізеді. Вакцина салдыратын азаматқа немесе оның заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және екпе салдырғаннан кейінгі күтім туралы толық ақпарат беріледі. Әзірге тұрғындардан вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлері туралы шағым келген жоқ», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова.

Айта кетейік, «Pfizer» вакцинасын 12 жастан асқан жасөспірімдер, жүктіліктің 16 және 37 аптасы аралығындағы жүкті, лактация кезеңіндегі әйелдер яғни босанғаннан кейін 42 күннен 2 жасқа дейінгі кезеңдегі әйелдер салдыра алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT