+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын сақтау үшін тоңазытқыштар алынды

2021 жылғы 13 қазан 11:08
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын сақтау үшін тоңазытқыштар алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына «Pfizer» вакцинасы жылдың төртінші тоқсанында жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 743 107 адам салдырды 1433 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Вакцинация жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинаның бірінші компонентін 326 798 адам алса, екінші компонентімен 269 949 адам қамтылды.

«Pfizer» вакцинасы вакцинасы алдағы айларда келеді деп жоспарланып отыр. Өзіндік сақтау ережелері бар. Бүгінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоңазытқыш алып береді. Бұл екпе 12 жастан жоғары балаларға және жүкті әйелдерге арналған. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық-насихат жұмыстары жүруде», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап өңірде коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жүргізілуде. Бұл мақсатта аймақта – 106, оның ішінде аудандарда 91 екпе кабинеті халыққа қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, мұндай орындар аудандарда, ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) ашылған. Вакцинация жұмысын арнайы оқытылған медициналық персонал жүргізеді. Бұл орындар арнайы тоңазытқыш жабдығымен қамтылған.

Еске салсақ, Қызылордада екпе салуға жататын азаматтардың 72 пайызы вакцинациядан өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT