ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 19 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін барлығы 19247 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентімен қамтылғандар саны - 11050 адам.
«Бүгінге дейін аталған вакцина салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 15746-сы бірінші компонентін алса, 8806-ы екіншісін алды. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен – 1517, екінші компонентпен – 1014, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентпен – 1984, екінші компонентпен 1230 адам қамтылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Еске салсақ, Қызылордада тұмауға шалдыққандар арасында балалардың үлесі басым болып тұр.