+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қызылорда облысында отбасының әлеуметтік картасын енгізу мәселесі талқыланды

2019 жылғы 8 қараша 18:36
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында отбасының әлеуметтік картасын енгізу мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қызылорда облысында «Отбасының әлеуметтік картасын енгізу барысы туралы» көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елтаңбамызда шаңырақтың суреті бекер тұрған жоқ – Дулат Әбілдин Меморгандар мен қоғам арасындағы байланысты нығайту керек - Ерлан Әбіл Қоғам отбасылық құндылықтар институтына мұқтаж - журналист

Бұл жобаның маңыздылығы ол мемлекеттік органдар ұсынатын автоматтандырылған деректер негізінде отбасының нақты мәртебесін айқындауға мүмкіндік береді. Одан әрі өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға әлеуметтік көмек пен жұмыс жайын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Әукеновтің баяндамасынан кейін көшпелі отырысқа қатысушылар Қазақстанда отбасының әлеуметтік картасын енгізу мүмкіндіктерін талқылап, әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің біріктірілген моделін дамыту жолдарын қарастырды.


Отырыс барысында айтылғандай, қазіргі уақытта аймақтарда жекелеген азаматтар емес, түгел отбасы мәселесін қарастыратын «Отбасының әлеуметтік картасы» жобасы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жайы да назардан тыс қалмады. Осы ретте депутаттар мұқтаждарға әлеуметтік көмек тетіктерін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды.

Отырысты аталған комитет төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қорытындылады.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT