Қызылорда облысында «омикрон» штамы болуы мүмкін

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «омикрон» штамы болуы ықтимал деген болжам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде коронавирус инфекциясына байланысты эпидахуал күрделеніп барады. Оған басты себеп - азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауы.

Өткен тәулікте өңірде 125 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазір облыс еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «сары» аймақта тұр.

2020 жылдың наурыз айынан бері облыста коронавирус жұқтырған 19 759 науқас тіркеліп, оларың 18 969-ы жазылып шықты.

«Айта кетсек, аймақта жұқпалылығы жоғары «омикрон» штамының болуы ықтимал деген болжам бар. Облыста құрылған 167 мониторингтік топпен тұрғындардың және кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.

Әлемдегі коронавирус инфекциясының күрделі ахуалын ескере отырып, азаматтарды карантин талаптарын жауапкершілікпен орындауға, вирусқа қарсы вакцинациялауға шақырамыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінен.

Еске салсақ, Қызылордада алғашқы он күнде 200 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды



Соңғы жаңалықтар