Қызылорда облысында оқу жылы басталғалы 200-ден астам оқушы коронавирусқа шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылы басталғалы Қызылорда облысы бойынша 213 оқушы COVID-19-ды жұқтырды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу жылы басталғалы 15 күннің ішінде 213 оқушы коронавирус індетіне шалдықты. Оның ішінде 124 жағдай мектеппен байланысты емес, яғни үй карантиніне оқшауланған оқушылар. Ал қалған 89 дерек қашықтан оқу форматында білім алып жатқан балалар арасында тіркеліп отыр. Бүгінде облыс көлемінде 89 сыныптың оқушылары 14 күнге карантинге жіберілді. Ал мектеп мұғалімдері арасында КВИ жұқтырудың 31 дерегі тіркелді. Олардың 23-нің вирусты жұқтыруы мектеппен байланысты емес, ал қалған 8 жағдай қашықтан оқу форматында жұмыс істейтін мұғалімдер болып шықты», - деді Б. Шәменова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, әкім орынбасарының мәлімдеуінше, оқу басталғалы өңірде 31 студент аталған індетке шалдыққан.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленуші балалар арасында 5 жағдай тіркелді. Оның 3 жағдайы мектепке дейіггі ұйым топтарымен байланысты емес, ал қалған 2-еуі балабақшада тәлім алып жатқан бала. Бүгінде аурудың алдын алуға қатысты халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, карантин талаптарын сақтау керектігі баса айтылып жатыр», - дейді ол.

Оның айтуынша, мектептердегі карантиндік талаптардың сақталу барысы қатаң бақылауда. Бүгінде өңірдегі 280 мектепке тексеру жүріп, ол бойынша 252 нұсқаулық беріліп, 324 әкімшілік жауап қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар