Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

2018 жылғы 1 маусым 09:31 290
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Қатерлі дертке шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам зардап шекті Шымкент әкімі оқушылар уланған мектепті барып көрді

Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Аталмыш жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылды. Мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда. 

«Науқаспен тығыз қарым - қатынаста болған 11 азамат анықталды. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралатыны белгілі. Осы ретте, тұрғындар сақтық шараларына мән бергені дұрыс. Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Айнұр Төлешова 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT