Қызылорда облысында мемқызмет департаментінің басшысы ауысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Н. Талқанбаев 1960 жылы туған. Қарағанды кооперативтік институты мен Оңтүстік Қазақстан ашық университетін бітірген. Еңбек жолын Қазалы аудандық тұтыну одағының жұмысшысы ретінде бастаған. 1995-2007 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу және сауда басқармасының басшысы, Жалағаш және Қазалы аудандарының әкімі болған. 2010-2012 жылдары – «Казаэросервис» акционерлік қоғамының директоры, Қызылорда облысы статистика департаментінің бас маманы. 2012 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар