Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Қызылорда облысында медициналық кластер құрылуда

2017 жылғы 7 желтоқсан 14:15 1602
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында медициналық кластер құрылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы ауданында медициналық кластер құрылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе ауруханасында сал болып қалған баланы министрлік өз бақылауына алды Медициналық сақтандыру қорына 8,17 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

Қазалы ауданында өткен жылы құрылысы басталған 150 орындық аурухана осы айда пайдалануға берілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынды. Қазір жаңа ғимаратқа көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар ішінде тек Қазалыда ғана бар.

Қызылорда облысында медициналық кластер құрылуда

Сонымен қатар, жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарлануда. 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн теңге бөлінді. 100 орындық туберкулезге қарсы аурухана жұмыс жасайды.

Айта кетейік, Қазалы ауданында тұрғындардың денсаулығын жақсарту күн тәртібінен түскен емес. Есепті кезеңде 1381 туылым, 343 өлім тіркелген. Ауданда ана өлімі жоқ. Сәбилер шетінеуінің көрсеткіштері төмен, яғни 9-6,5 түсті. Туберкулезге шалдыққандар саны да айтарлықтай азайған.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат