Қызылорда облысында мәслихат сайлауының қорытындысы шықты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында сайлаушы ретінде тізімге 486034 адам енгізілген. Дауыс беруге 325088 сайлаушы қатысты.

Олардың арасынан есептен шығару куәлігі бойынша 62 сайлаушы дауыс берді.

Ал дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4285 сайлаушы өз таңдауын жасады.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Олардың арасынан «Amanat» партиясы - 219248 дауыс (Сайлаушылардың 68,51 проценті), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 13465 дауыс (4,21 процент), «Respublica» партиясы - 10773 дауыс (3,37 процент), Қазақстан Халық партиясы - 9037 дауыс (2,82 процент), Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 10493 дауыс (3,28 процент), «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 50805 дауыс (15,87 процент) алды.

Ал «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны - 6220.

«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былайша бөлінді: «Amanat» партиясы - 13; «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 3», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан.

Бірмандаттық аумақтық округтер бойынша облыс мәслихатына сайланған депутаттар:

№1 сайлау округі бойынша – Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы

№2 сайлау округі бойынша – Тілеп Ібайдулла Тілепұлы

№3 сайлау округі бойынша – Имандосов Нұрлан Самұратұлы

№4 сайлау округі бойынша – Қалиев Ерлан Піртазаұлы

№5 сайлау округі бойынша – Төлепов Орынбасар Өтепұлы

№6 сайлау округі бойынша – Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлы

№7 сайлау округі бойынша – Ембергенов Жұмабек Әшімұлы

№8 сайлау округі бойынша – Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы

№9 сайлау округі бойынша – Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы

№10 сайлау округі бойынша – Амитов Нуридин Егембердиевич

№11 сайлау округі бойынша – Ниязов Мұхтар Мәуленұлы

№12 сайлау округі бойынша – Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы

№13 сайлау округі бойынша – Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы

№14 сайлау округі бойынша – Ералиев Мағжан Абзалұлы

№15 сайлау округі бойынша – Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы

№16 сайлау округі бойынша – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы.


Соңғы жаңалықтар